Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Нәметқұлов аудан ұстаздарын мерекесімен құттықтады.
«Құрметтi ұстаздар, бiлiм саласының қызметкерлерi,
педагогикалық еңбек ардагерлерi!
Сiздердi кәсiби мерекелерiңiз — ұстаздар күнiмен шын жүректен құттықтаймын!
Сiздердiң парасатты әрi ауыр еңбектерiңiз қоғамда лайықты кұрметке ие. Бұл сiздерден жоғары кәсiбилiктi, даналықты, шыдамдылықты, өз iстерiңiзге жан-тәндерiңiзбен берiлудi қажет ететiн еңбек. Кез-келген адамның тұлға ретiнде қалыптаса бастауы кезiнде жанынан табылатын да, өз бетiмен ойлау, дұрыс шешiм қабылдау, өзi жасаған таңдау үшiн жауапкершiлiктi мойнына алуды үйрететiн де сіздер.
Кәсiптерiңiзге деген адалдықтарыңыз бен балаларымызға сыйлайтын жан жылулықтарыңыз үшiн шын көңiлiммен ризашылығымды бiлдiруiме рұқсат етiңiздер. Ауданымыздың бiлiм беру жүйесiн дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусiз үлес қосқан педагогикалық еңбек ардагерлерiне ерекше алғысымды бiлдiргiм келедi. Көп жылғы тәжiрибелерiңiз, даналықтарыңыз бен төзiмдiлiктерiңiз алдағы уақытта да күрделi кәсiби мiндеттердi шешуде сiздерге жәрдем беретiнiне сенiмдiмiн. Осындай мереке күнi жүректерiңiз жырға, құшақтарыңыз гүлге, жанарларыңыз қуанышқа толы болсын!
Сiздердiң дендерiңiзге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектерiңiзге шығармашылық табыстар тiлеймiн!» – деді ауданы әкімінің орынбасары өз құттықтауында.