Жамбыл облысының Жамбыл ауданында «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігімен «Ат үстіндегі серуен» атты жастардың атқа міну акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – жастарды атқа мінуге, атты мәнуге дайындауға үйрету, салт-дәстүрді еске алуға, қала жастарына әлеуметтік желіні ұмыттырып, бос уақытты таза ауада пайдалы серуенмен өткізуге баулу болды.