A place where you need to follow for what happening in world cup

Атқарылған істер ауқымды, шешімін күткен мәселелер де баршылық

231

Өздеріңізге белгілі, қала экономикасы негізінен өнеркәсіп саласына бағытталған.
Салада бүгінгі күні 2 500-ге жуық қала тұрғыны тұрақты қызмет етуде.
Өткен жылы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 25 млрд. 085 млн. теңгені құрап, есепті кезеңмен салыстырғанда 102 пайызға орындалып отыр.
Қала қойнауында жатқан табиғи қазба байлықтар жаңа инвесторлардың келуіне және қаламыздың өнеркәсіптік, экономикалық аймақ ретінде қалыптасуына мүмкіндік беріп отыр.
Есепті кезеңде негізгі капиталға 18млрд.826 млн. теңге инвестиция тартылды.
Өткен жылы жоба құны 44,8 млрд. теңге болатын, жылына 100 мВт электр энергия таратуға мүмкіндігі бар «Жаңатас Жел Электр станциясы»-ның құрылысы аяқталды.
Сонымен қатар, 2021-2025 жылдарға арналған ұзақ мерзімді 2 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде:
Жоба құны 346 млрд. теңге болатын «ЕвроХим-Қаратау» зауытының 2-ші кезеңінің құрылысы үстіміздегі жылы басталады деп жоспарланып отыр.
Оған қоса, 2,8 млрд теңге болатын цемент зауытының құрылысы келер жылы толығымен аяқталады деп күтілуде.
Аталған жобалар іске асырылған жағдайда 1280 тұрақты жұмыс орындары құрылатын болады.
Мемлекеттік бағдарламардың тиімді жүзеге асырылуының нәтижесінде есепті жылы қаладағы 2 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіліп, 180 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Қазіргі таңда 4-шағын аудандағы 56 пәтерлі 1 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы бастау алды. Сонымен қатар, ағымдағы 1 шағын аудандағы 120 және 140 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілмек. 2021 жылдың 1-қаңтарында жағдай бойынша коммуналдық пәтер алуға 1608 қала тұрғыны кезекте тұр.
Аудан әкімінің кезекті есепті жиыны Жаңатас қаласында жалғасын тапты. Кездесуде аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов пен қала әкімінің есептері тыңдалды.
Есеп беру барысында төмендегіше мәліметтер көпшілік назарына ұсынылды.
Шағын, әсіресе микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады.
Бүгінде қаламызда 1079 кәсіпкерлік субъектілері белсенді жұмыс атқаруда.
Нәтижелі жұмыспен қамтудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясының I-бағыты бойынша 2 кәсіпкер 18 млн. 280 мың теңге несие алды, II-бағыты бойынша 283 жас кәсіпкер қайтарымсыз несие алып, өз жұмыстарын бастауда.
Моноқалалар үшін берілетін несиелік қаражатты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы беру көзделіп отыр. Осы бағытта Жаңатас қаласынан бүгінгі күнге 101,0 млн. теңгені құрайтын 18 жоба әзірленіп, 73,2 млн. теңгеге13 жоба қолдау тапты.
Өңірлік «Береке 3» шағын және орта кәсіпкерлікті өңірлік қаржыландыру бағдарламасы бойынша Жаңатас қаласынан ағымдағы жылы 1 жоба 5,0 млн.теңге көлеміндегі қаржыға қол жеткізді.
Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 5 кәсіпкерге несие алу жоспарланған. Бүгінгі күнде 5 кәсіпкер 36,6 млн. теңге алып, жоспар толығымен орындалды.
Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердің жер төлесіне жиналған тұрмыстық қалдықтар толығымен тазаланды.
Қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстауға 3,0 млн қаржы бөлініп, 390 тонна инерттік материалдар алынды. Қар тазалаумен 4 техника тұрақты түрде қызмет етеді.
Өздеріңіз куә болғандай өткен айдың соңында жауған қалың қар кезінде 2 трактор, 7 погрузчик және 1 автогрейдер техникасы жұмылдырылды.
Бүгінгі күнде қала аумағынан 30 мың кубқа жуық қар шығарылды.
Қаламызда 1095 көпбалалы және 530 әлеуметтік осал топтағы отбасылар бар.
630 отбасыға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Өмірлік қиын жағдайға түскен 97 отбасыға 50,0 мың теңгеден бір жолғы көмек берілді.
Коммуналдық қызметтегі төлемдер бойынша 283 отбасының 1036 мүшесіне 4050,0 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалды.
Төтенше жағдай кезінде 6000-ға жуық қала тұрғыны 42500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алды.
Облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың бастамасымен өткен жылы «Асарлатып үй салу» жобасы да қаламызда жүзеге асырылды.
Тұрмысы төмен, әлеуметтік осал топқа жататын қала тұрғынына аумағы 90 шаршы метр болатын тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, Тәуелсіздік күні қарсаңында пайдалануға берілді.
Оған қоса, демеушілердің көмегімен 5 отбасының жеке тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. 3 көшеге және шағын аудандағы 2 жолға жаяу жүргіншілер жолы салынып, түнгі жарықшамдар орнатылды.
Қаладағы шағын аудандар ішіндегі барлық көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары жарықтарықтандырылып, 5 үйдің сыртқы беті қапталды. 3 көшенің жарықшамдары ауыстырылды (Аспандияров, Мұқанов, Бейбітшілік). Саябақтар мен жасыл белдеулерге және орталық көше бойына суару жүйелері орнатылды. Қойгелді көшесінің соңына жеңіл көліктерге арналған көпір орнатылды. Қойгелді көшесінен Пушкин көшесіне дейін жаяу жүргіншілер жолы салынды. Орталық базар аумағында жаяу жүргіншілер тротуары салынды. Қала аумағындағы 12 баспалдақ қайта қалпына келтірілді. 18 жерге балалар ойын алаңшалары соғылды. 1 шағын аудан №22 үйдің алды аббатандырылды. Қаланың кіре беріс жеріне ауданның төлқұжаты орнатылды. Жібек жолы көшесі бойына 2 автотұрақ соғылды. Демеушілер тарапынан 19,0 млн. теңгеге «Ынтымақ» аллеясын аббатандыру жұмыстары жалғасын тапты. Оған қоса, үстіміздегі жылы қаламыздағы ұзындығы 8 км болатын 12 көше орта жөндеу, 2 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 нысанның құрылысы жүргізілді. Бағдарлама аясында орталық көше жолдарының бойына бордюрлер қойылып, арық науалары орнатылды.
Қаладағы 13 аркаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 3 шағын ауданға балалар ойын алаңшасы, дене-шынықтыру мен стрит-воркаут құрылғылары соғылды.
Қала әкімі аппараты тарапынан 7 подъезге мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандус орнатылды.
Ағымдағы жылы Бейбітшілік көшесіне орындықтар орнату, футбол және балалар ойын алаңшаларын салу, көшелер алдын жарықтандыру, жолдарды күтіп ұстау, 5 шағын ауданның кварталішілік жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеу жұмыстары, сонымен қатар орталық алаңды абаттандыру сынды бірқатар жұмыстар атқарылатындығы халыққа жария етілді.
Атқарылған жұмыстардың қорытындысы талқыланып, қала тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Атап өтсек қала тұрғыны Ж.Шадиев әлеуметтік дүкендер ашу, «ЕвроХим» ЖШС-гі соғып жатқан зауытында болашақта жұмыс істейтін мамандарды жергілікті орта білім беру орындарында дайындау мәселесін қолға алу секілді бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Сондай-ақ, зейнеткер А.Қасымбеков Дегерес елді мекенінің халық санына орай жабық спорт кешенін салу, темір жол стациясынан темір желілері үстінен өтетін өткелді жөндеп, үстін жабу мәселесін ортаға салды.
Ал, Ж.Якупов болса көкөніс, жеміс-жидек сақтайтын қойма салу, нан тасымалдайтын көліктердің санитарлдық жағдайын қадағалауды сұранды.
Есептік кездесуде ет базарларында сатылатын ет сапасына көңіл аударуда айтылды.
О.Қоңырбеков, Т.Сұлтанбеков, С.Әбішовалар болса Жаңатас-Алматы пойыз бағытын жаңғырту;
— Жаңатас-Шымкент бағытындағы жолдың 45 км жолын жөндеу жұмыстары
— Жаңатас қаласының Бас жоспарына түзетулер енгізіп, дұрыс жоспарлауды ұсынды.
Осы кездесуде жастарға арналған кинотеатр соғу;
— жасөспірімдер мен балаларға арналған ойын-сауық орталығын салу;
— қала тұрғындарына арналған бассейн ашылса деп ұсыныстар да түсті.
Е.Тұрысбеков есімді тұрғын атқарылып жатқан көптеген жобалардың сапасын қадағалау;
— 4 ш/а № 15 көпқабатты тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарымен айналысқан мердігерге үйдің сапасы туралы ескерту мәселесін айтты.
Жиында көтерілген мәселелерге баса назар аударған аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов қала тұрғындарын індет кезінде бір кісідей санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.
Сондай-ақ қала тазалығы мен көше тәртібі, басқа да өзекті мәселелерге қолдау білдіріп, біргелікте жұмыс істеуге шақырды. Қашанда қабылдау мен кері байланысқа оң көзқарас танытатын аудан әкімінің есебін Жаңатастықтар өте жоғары бағалап, сұрақтарына нақты жауаптар ала алды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.