Мойынқұм ауданы бойынша 2020 жылдың 30 наурызындағы шығарылған «Жамбыл облысы аумағында шектеу шараларын енгізу туралы» №3 қаулысындағы талаптарды таныстыру және орындалуын қамту мақсатында құрылған топ мүшелері, аудан әкімінің орынбасары А.Нәметқұловпен бекітілген кестеге сәйкес Биназар ауылына қарасты жол бойында орналасқан асханалар жұмысына зерделеу жасады. Зерделеу барысында асханалар жұмыс істемей, жабық тұрғанына көз жеткізген топ мүшелері асхана егелерін аталған қаулымен таныстырып, бұл шектеулер ең алдымен өздерінің денсаулықтары үшін керек екендігі түсіндірілді. Дегенмен қоғамдық тамақтану объектілері иелеріне транзинттік көлік өтетін тас жолы бойындағы асханаларға, қаулының 1.6 тармағына сәйкес жолаушылардың осындай объектіге үй жайларға кірмей, тапсырыстарды шығаруға және жеткізуге , тапсырыс берушілерге өзімен бірге алып кету тәсілімен жұмыс жасауға болатыны түсіндірілді.