A place where you need to follow for what happening in world cup

Асар басында — аудан құрамасы

209

Өзгеге қол ұшын созу, бастаманы іліп алып, соңына дейін жеткізу үшін асарлату – біздің қанымызға сіңген асыл қасиет. Әрі ол – қоғамды өркениетке бастайтын ниеті оң, жүрегі кең адамдардың ісі. Асарлату демекші, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасы ауданымызда ерекше қарқынмен бастау алды. Әр округтің данагөй қариялары әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың тізімі ішінен шын мұқтажды анықтап, баспана тұрғызу үшін жомарт жандарға, ауыл тұрғындарына қайырлы істе шет қалмау керектігін басып айтып, кеңінен насихаттауда.
Біз осы асарлату қалай жүзеге асырылуда деген сауалды бірнеше ауыл ақсақалдарына қойғанымызда, олар: «Кіндік қаны тамған ауылына, маңдай терінде тамызу – адамгершілік белгісінің асқары, балам! Аядай ауылда туып-өсіп, азды-көпті дүниенің қожайыны атанған соң, әке-шешесі, туыс-туғаны мекен ететін өңірге қарайласу қажет. Күні бұрын белді азаматтарға, есепсіз түлігін алдына салып қыр асқан көделідегі шопандарға, тіпті ауыл әкімдеріне жолығып, пәленшеге жай салып бермекшіміз, көмек көрсетсеңіз деп қолқа салдық. Көпшілігі құптап, қуана келіскен,» – деген.
Облыс әкімінің бұл жобасы барлық ауылдық округтерде жүргізілуде. Кеше аудан әкімі аппаратының басшысы, Жамбыл аудандық Футбол федерациясының президенті Жомарт Телеуовпен аудан құрамасы Айшабибі ауылдық округіндегі іргесі қалынып жатқан тұрғын үйге барып, қабырғасын тұрғызуға атсалысты. Бірі кірпішін тасып, екіншісі оны қалап жатса, ауыл әкімі Райымбек Сейітов тіске басар, шөл басар азықтарымен қамтамасыз етуде.
Біз бала кезімізде үлкендерге қолғабыс етіп, үй тұрғызғанбыз деп қолына құрылыс заттарын алып, кірпіш қалап жатқан аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Тешебайұлымен әңгімелестік.
– Өңір басшысы Б.Сапарбаевтың «Асарлатып үй салу» жобасына аудан құрамасының ойыншылары да үлес қоссақ қайтеді деген ұсынысын құп көріп, маған жүктелген елдімекенге келіп отырмыз. Өзімізбен бірге арнайы жұмыс киімдерімізді де іле кеттік. Мұқтаж жанға баспана кілтін табыстауды асыға күтіп жүрміз. Алдағы уақытта құрылысқа тағыда қайырылатын боламыз, – деді.
Құрылыс басында аудандық мәслихаттың депутаты Нұрсұлтан Сматов та, ауыл тұрғындары да жүр.
Ақжігіт Жетпісбай,
«Шұғыла».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.