A place where you need to follow for what happening in world cup

Аса ауылында 811 жер телімі берілмек

707

Бүгін аудан әкімі Сәкен Арубаев пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев бірқатар құрылыс нысандарын аралауға азанымен кірісті.

Алдымен өңір басшысы Аса ауылындағы жаңа тұрғын үй алқабының инженерлік-инфрақұрылымдық желілерінің құрылысымен танысудан бастады. Бүгінде аудан орталығында кезекте тұрған 811 азаматқа жер телімін үлестіру үшін мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы сметалық құны 390 млн 533 мың теңге бөлінген. Бұл қаражатқа аталмыш алқапты тек газбен қамту жұмыстары жасалады. Құрылыс жұмыстарын қолға алған «ҚазМұнайҚұрылыс» тамыз айының соңына дейін жер телімі халық игілігіне беріуге міндетті. Ал таза ауызсу жүргізу үшін «Темир-Строй Сервис и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 441 млн 459 мың теңге көлемінде қаражатты игермек. Мердігер жұмысты жыл соңында аяқтамақ.
Мұндағы жұмыстарды қарап шыққан Сәкен Қаланұлы мен Рүстем Әлішұлы сапаға көңілді бөлу керектігін мердегердің есіне тағы салды.

Аудан әкімінің құрылыстарды аралау барысында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков, Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшынбетов, аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы бөлімінің басшысы Қайрат Тілеубаев бірге жүрді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.