A place where you need to follow for what happening in world cup

Арыстағы жарылыс: Денсаулықтарына зиян келген тұрғындар үкіметтен өтемақы ала алмай жүргендерін мәлімдеді

240

Арыстағы жойқын жарылыс кезінде баспаналары мен дүние-мүліктері қираса да тиісті жәрдем алмадық деген 80 тұрғын сотқа арыз берген. Олардың қатарында денесіне тікелей оқ тиіп, денсаулығына залал келген 6 адам бар. Бірі мүгедек, енді бірі жарымжан болдық деген азаматтар соттан өтемақы талап етіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Сот ғимараты жанына жиналған дәл топ қаңтарда да бас көтеріп, шағымдарының қабылданбай жатқанын айтқан. Енді қабылданған арыздары қаралмай отыр дейді. Талап берушілердің арасында денсаулығына залал келгендер де жүр. Мектепте ұстаздық ететін Шәрбан Қожықованың аяғына оқ тиген. Бірнеше ота жасатқан ана таяққа сүйеніп қана жүреді.

“Ауруханаға апарды. Сол жерде астында күйік бөлімінде бір ай жаттым. Сол жердің өзінде екі рет ота жасады. Ең соңында аяғыма отады істеді. Салдарынан бір аяғымнан бір аяғым кем болып қалды”, – дейді Арыс қаласының тұрғыны шәрбан Қожықова.

Бұл кісіден өзге басынан жарақат алып, бір көзінен айырылған азамат та, аяғына бірнеше мәрте ота жасатқан басқа аналар да бар. Барлығы да денсаулығына қатысты өтемақы сұрап сотқа арыз түсірген. 80 адамның 50-ге жуығы баспанасына қатысты шағым берсе, 10-нан астамы мүлікке залал келгенін айтқан. Алайда қараша халық бірде-бір арыз әлі қаралған жоқ деп ашынып отыр.

“Біздің уәждерімізді тыңдамауға тырысып жатыр. Сонымен қатар біз дәлел болу үшін видеоға түсіруді сұрадық. Оған да жауап жоқ. Сот жүріп жатқанда не монитор істемейді. Сот алдына телефон қойып алады.Басқа тараптар сотқа қатысып отыр ма жоқ па, біз оны білмейміз”, – деді Арыс тұрғыны Мәди Қалходжаев.

Талап қоюшылардың наразылығынан кейін жиналған жұртты ішке кіргізіп, сот төрағасы өзі қабылдаған. Кездесу барысында тұрғындар өздері ұсынған дәлелдемелерді судья қабылдап алса, кеңседен құжат жоғалмаса, істі қарау кең бөлмеде өтсе және істі басқа судья қараса деген талап қойды. Ал төраға істің қаралу мерзімі бұзылған жоқ екенін атап өтті

“Іс бойынша сараптамалар тағайындалған. Солар жүріп жатыр. Осыған байланысты іс қазіргі таңда тоқтамға алынған. Сондықтан процестік мерзімдері бұзылған жоқ”, – деп мәлімдеді Арыс аудандық сотының төрағасы Сапархан Омаров.

Істі қараушы судьяны шеттетуге негіз жоқ деді. Шешім қабылдауда сот төрағасы дербес, тек заңға ғана бағынады. Сондықтан шешімді өзі шығарады. Сондай-ақ ұйымдастыру барысындағы талап-тілектерді орындауға тырысатындарын айтады. Ал сот табалдырығын тоздырған халық Арыс қаласы әкіміне бейбіт шеру өткізу үшін жазбаша өтініш беруге бел байлаған.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.