A place where you need to follow for what happening in world cup

Арман алысқа жетелейді

422

“Нені армандайтыныңды айтсаң ,кім екеніңді айтып беремін” демекші, арманға қарап адамды тануға болады.
«Армансыз адам – ормансыз бұлбұл» дейді қазақ халқы, ал мен «Арманы жоқ адамның жаны жоқ» деп айтушы едім. Себебі, менің ойымша жаны нәзік адамдар ғана армандай біледі. Адам баласының арманы көп болады. Арман адамды алға жетелеп, көптеген ерліктерге, батырлыққа итермелейді.
Адамға Алланың берген ерекше қасиеті – армандай білу. Ал енді нені армандайсың, қалай армандайсың – ол әрбір адамның өз-өзіне деген сеніміне байланысты. Сол сияқты «Арманың орындалсын», – деген тілекті де жиі естиміз.
Өз арманым туралы айтатын болсам, менің армандарым көп. Сол армандарымның ең бастысын айтсам – жер бетіндегі адамның бәрі мейірімді болса екен, жер бетінде тыныштық пен бірлік болса екен. Осындай жағдайда ғана барлық адамның арманы орындалады деп ойлаймын.
“Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – журналист болу.

Қай арманыма қолым жетіп, қай арман мені өмір бойы жетелейтінін білмеймін, бірақ бір білетінім – армандарымның орындалуы өз қолымда.Бір орында отыра берген адамның арманы түгіл, ісі де алға баспайды.Баланың болашағы оның арманына байланысты. Өз мақсатына жету үшін бүкіл күшін жұмсаған адам, өмірін түбегейлі өзгерте алады.

 Еркеназым Шолпанбай
Конвергенттік журналистика мамандығының 1-курс студенті

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.