9-мамыр біз үшін ұлы күн. Осыдан 77-жыл бұрын ата-апаларымыз еліміздің тәуелсіздігі мен кейінгі ұрпақ болашағы үшін, сұрапыл соғыста жандарын қыйды.Аман қалып, Отанымызға жеңіспен оралғандар да баршылық. Осындай бейбіт күнді сыйлаған Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін ардақтау біздің қасиетті борышымыз.
Осы орайда, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекеме бастығы әділет полковнигі Б.Сауранбаевтің бастауымен мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры Н. Кутумбетов мекеме қызметкерлерімен бірге Тараз қаласының тұрғыны, Ұлы Отан Соғысының ардагері : Владимир Колесниченконы
мерекемен құттықтап, сый-сияпатын табыстады.
Владимир Васильевич 1926жылы Украинада қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Өткен ғасырдың 30-жылдарында Сібірге жер аударылған. Не бәрі 17-жасында аға-апкесінің соңынан соғысқа аттанды. 1943 жылы Тюменьдегі оқу полкынан шақырту алып артиллерист атанды. 1944жылдың маусымында отты майдан даласында ұрысқа қатысқан. Беларус пронтында соғысып,сол кездегі жағдайға байланысты пулеметші де болды. Шекараға жақындай түскенде прибалтикаға жөнелтілді. Дәл осы жылы Риганы азат етуге ат салысып,ерлігі үшін Сталиннің алғыс хатын алды. Соғыстан кейін Қазақстанға көшіп келіп,зейнет жасына дейін нан комбинатында механик болып еңбек еткен. 1965жылы 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен,кейінірек Ұлы Отан соғысының 2-ші дәрежелі медалімен марапатталған. 1962 жылдан бері Жамбыл жеріне қоныстанған Колесниченколар отбасын батырлар отбасы деуге толық негіз бар. Себебі,Владимирдің жұбайы, туған ағасы мен апкесіде сол сұрапыл соғысқа қатысып,ерлік танытқан. Ал 95жастағы Владимир Васильевич бүгінгі таңда 5-баладан 12-немере,14-шөбере сүйіп отырған ардагер. Қария орны бөлек мерекеде арнайы құттықтап келген Жд-158/1мекеме бастығына және қызметкерлеріне алғыс білдіріп,бейбіт күннің қадірін білуге шақырды .
Р.S. әділет лейтенанты Қ.Аңламасұлы