A place where you need to follow for what happening in world cup

Ардагерлер жастар тәрбиесіне баса назар аударады

89

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ермұхамед Жұмабек Жамбыл облысы бойынша «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісім шарты әскерінің тобы» Ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерімен кездесті.

«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясындаөткен шарада Ермұхамед Нұрмұхамедұлы партияның өзге де жобаларына кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ ол аталған қоғамдық бірлестік мүшелерінің қоғамдық шараларына белсенді қатысатындықтарын тілге тиек етіп, алдағы уақытта партия жобаларының бел ортасынан табылатынына сенім білдірді.

– Расында, сіздер Германия мен Варшава елдерінде әскери борыштарыңызды өтедіңіздер. Әскерден кейінгі жылдары да өз салаларыңыз бойынша қызмет етіп келесіздер. Сондықтан өмірден көргендеріңіз бен санаға түйгендеріңіз көп. Өз кезегінде қоғамдық бірлестік мүшелерінің әлеуетін партияның жобалары аясында ұрпаққа патриоттық тәрбиелеуде пайдалануымыз қажет, – деді Е.Жұмабек.

Мұнан соң «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісім шарты әскерінің тобы» Ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Тастанов сөз тізгіндеп, ұйымның құрылғандағы мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтті. Оның сөзінше, бірлестік жастарды патриоттық тәрбие беру мақсатында құрылған екен.

– Шынында, қоғамдық бірлестікте әскери саланың ардагерлері көп. Ал ардагер дегеніміз кеудесіне орден, мадаль тағу емес, керісінше ұрпаққа үлгі-өнегесін қалдыру. Қазіргі таңда жастар әскерге барғысы келмейді. Біз солармен жүйелі жұмыс жүргізіп, әскерге бару керектігін түсіндіруіміз керек. Яғни, оқу орындарында көбірек болып, тәрбие сағаттарына қатысуымыз қажет, – деді Бақыт Сәбденұлы.

Сонымен қатар аталмыш бірлестіктің облыстағы филиалының директорыСабыралыҚыдыралиевалдағы уақытта жастар тәрбиесіне баса мән беретіндерін атап өтті. Сондай-ақ ол бірлестіктің өңірдегі жұмысын күшейту үшін «AMANAT» партиясының аумақтағы филиалдарының қолдауы қажет екенін жеткізді. Өз кезегінде партия облыстық филиалын атқарушы хатшысының орынбасары Ермұхамед Жұмабек олардың көтерген ұсыныстары назарға алынытанын баса айтып, бірқатар ардагерлерді партияның Алғыс хаттарымен марапаттады.

Жиын барысында мүшелері қоғамдық бірлестіктің Алғыс хаттарымен марапатталып, төсбелгілері табыс етілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.