A place where you need to follow for what happening in world cup

Ардагерлер көптен күткен маңызды құжат

180

Ардагерлер – біздің қоғамның алтын қоры саналады. Ел басына күн туған сонау қиын-қыстау жылдарда туып, елдің, жас ұрпақтың болашағы жолында қажырлы еңбек еткен тыл және еңбек ардагерлерінің жөні бөлек. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміздің де қатары жыл санап азайып барады. Жуалы ауданында Ұлы Отан соғысына қатысқан екі ғана ардагердің көзі тірі.
Биылғы жылы атап өтіліп жатқан Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Ардагерлер туралы» Заңына қол қойды. Бұған дейін ардагерлер туралы Ереже болғанымен арнайы Заң қабылданған жоқ еді. Президент қол қойған осынау маңызды құжатта ардагерлердің мәртебесі мен олардың қоғамдағы рөлі, мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдіктер кеңінен қарастырылып отыр.
Ардагерлер туралы Заңның күші Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, еңбек ардагерлеріне қолданылатын болып белгіленді. Аталған құжатта ардагерлердің мәртебесін белгілеу туралы бірқатар нормалар қарастырылып отыр. Ардагерлерді әлеуметтік қолдау шараларына да басымдық берілген.
Қорыта айтқанда, Ардагерлер туралы Заң біз үшін көптен күткен маңызды құжат болып отыр. Ардагерлер туралы Заңның қабылдануын Б.Момышұлы ауылы ардагерлер кеңесінің мүшелері аса қуанышпен қабылдап отырғанын да баса айтқым келеді.

Кемелбек ДӘУРЕНОВ,
Б.Момышұлы ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Жуалы ауданының Құрметті азаматы.
Жамбыл облысының Құрметті ардагері

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.