A place where you need to follow for what happening in world cup

Ардагерлер әрқашан ардақты

247

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Марғұлан Берікұлы жеке құрам арасында жаңадан қызметке тағайындалған жас қызметкерлермен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразкельдиев Ақылбек Теңгелбекұлымен кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты — қызметте орасан үлес қосып, елеулі еңбек еткен сала ардагерлері тарапынан бүгінгі жас қызметкерлердің қызметіне деген ынтаны арттыру Қылмыстық -атқару жүйесі қызметкері атқа лайықты болу.

Кездесу барысында Ақылбек Теңгелбекұлы мекеме бастығы лауазымында қызмет өткергенін айтып, өзінің еңбек жолында кездескен оқиғалармен бөлісіп, қызметте Заңдылық пен тәртіпті сақтап өзінің лауазымдық міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарау керектігін айтты.
Жиын сонында Марғұлан Берікұлы, ардагерлер төрағасына алтын уақытын бөліп келгені үшін алғысын білдірді. Ал Ақылбек Теңгелбекұлы қызметкерлерге отбасында татулық, қызметте әр қашан сұрақ туындағанда ардагерлер тарапынан қолдау көресетіндігін айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.