A place where you need to follow for what happening in world cup

Ардагерлер қуанышпен қабылдауда

335

Отан қорғаушы күні және Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Ардагерлер туралы Заңына қол қойды. Бұл заңды ардагерлер асыға күтіп жүрген болатын.
«Ардагерлер туралы заң қабылданады, ұсыныстарыңызды жіберіңіздер» деген жоғарыдан хабар келгенде аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері бас қосып, біз де өз ұсынысымызды ұсынған болатынбыз.
Бұл заңға әрине біз ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен ардагерлер кеңесі өз ұсыныстарын жолдады. Сол ұсыныстар зерделеніп, сараланып, маңыздылары Заңға еніп отырғаны анық.
Ардагерлер туралы Заң 18 баптан тұрады.
Заң Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне; жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; еңбек ардагерлеріне; Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға арналған. Заңда осы санаттағы ардагерлерге кімдер жатады, ардагерлердің мәртебесін анықтау, оларға қандай әлеуметтік қолдау шаралары жасалатындығы нақтыланған.
Президентіміз қол қойған Заңды ардагерлер қауымы қуанышпен қабылдап, танысуда.

Естемес Аманбеков,
Жуалы аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.