Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

13
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) электр энергиясын өндіру жүйелі түрде дамып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ірі су электр станцияларын қоса есептегенде, ЖЭК-тің жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 14,5%-ды құрады. Ал ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, бұл көрсеткіш 7%-ға жетті.
Ірі су электр станцияларын қоса есептегенде, ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі 2015 жылғы 9,5 млрд кВт·сағаттан 2025 жылы 17,9 млрд кВт·сағатқа дейін өсті. Олардың жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 10,4%-дан 14,5%-ға дейін артты.
Соңғы он жылда ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, ЖЭК үлесі 2015 жылғы 0,6%-дан 2025 жылы 7%-ға дейін өсті.
Осы кезеңде аталған энергия көздерінен өндірілген электр энергиясының көлемі 536,5 млн кВт·сағаттан 8 693,6 млн кВт·сағатқа дейін жетіп, 16 есеге ұлғайды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.