М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Заң мен тәртіп – жастардың құқықтық мәдениеті мен қауіпсіз қоғамның негізі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Ауқымды жиынға 350-ден астам студент қатысып, құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызына назар аударды. Іс-шараны Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Ғазиз Досмахамбетұлы ашып, жастар арасында заң талаптарын сақтау қауіпсіз қоғам құрудың басты кепілі екенін атап өтті.
Шараға Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері Дарья Хе мен Жұлдыз Тұрдалиева, сондай-ақ Тараз қаласы Полиция басқармасы Әулиеата аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Азамат Заурбеков арнайы қатысты. Спикерлер құқық бұзушылықтың алдын алу, жастардың заң алдындағы жауапкершілігі мен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөнінде маңызды ақпараттар беріп, тақырыпқа сай арнайы бейнематериалдар ұсынды.
Кездесу соңы ашық диалог пен сұрақ-жауап форматына ұласты. Студенттер өздерін толғандырған көкейкесті сауалдарын қойып, сала мамандарынан тұщымды әрі толыққанды жауаптар алды. Мұндай еркін пікір алмасу жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға зор ықпалын тигізді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық