Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық университетінде Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдерінің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Шараның басты мақсаты — жастар арасында жиі кездесетін қаржылық алаяқтық түрі, яғни «дропперлік» әрекеттердің алдын алу және студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру.
Кездесу барысында Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі Хе Дарья Димитриевна мен бас маман Келес Ілияс Сәкенұлы сөз сөйледі. Мамандар студенттерге банк карталарын бөгде тұлғаларға сыйақы үшін бермеу керектігін ескертіп, заңсыз қаржы айналымына қатысудың құқықтық салдары мен қылмыстық жауапкершілігін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Шара соңында студенттер мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қаржылық қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша пайдалы кеңестер алды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.