«Қарасора-2026»: Таразда есірткі қылмысының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

«Қарасора-2026»: Таразда есірткі қылмысының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11

Елімізде есірткі қылмысының алдын алу және оның қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіру – құқық қорғау органдарының негізгі міндеттерінің бірі.

Осы бағыттағы ауқымды жұмыстар жалғасып, қазіргі таңда «Қарасора–2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тараз теміржол вокзалында полиция қызметкерлері тарапынан қала тұрғындарына, жолаушыларға, сондай-ақ күтіп алушылар мен шығарып салушыларға арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесу, оларды сақтау, тасымалдау және тарату фактілерінің алдын алу, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Түсіндіру барысында құқық қорғау өкілдері азаматтарға есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертіп, бейтаныс адамдардың сәлемдемелерін тексермей тасымалдамауға және күмәнді заттарды алып жүрмеуге шақырды.

Статистикалық деректерге сүйенсек, өңірде бұл бағыттағы жұмыстардың маңызы зор: атап айтқанда, 2025 жылы жалпы 239 килограмм 457 грамм есірткі заттары табылып тәркіленген болатын. Ал биылғы «Қарасора–2026» іс-шарасы басталғалы бері жалпы айналымнан 14 килограмм 466,1 грамм есірткі заты тәркіленді.

Тәртіп сақшылары кез келген күдікті жағдайлар анықталған кезде дереу полиция қызметкерлеріне хабарласуға үндейді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.