Талас ауданында Ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтті - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Талас ауданында Ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтті

62

Бүгін Талас ауданында
Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік мәдени іс-шара өтті.

Мерекелік кеш «Домбыраның мәңгілік үні» театрландырылған композициясымен ашылып, «Дарын» балалар өнер мектебі оркестрінің орындауындағы күйлермен жалғасын тапты.

Мерекелік бағдарламада «Асыл мұра» фольклорлық ансамблі, аудан өнерпаздары мен әншілері өнер көрсетіп, күй мен әннен шашу шашты.
Кеш барысында ұлттық өнер дәріптеліп, Жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары, заң үстемдігі, қоғамдық келісім мен ел бірлігі кеңінен насихатталды.

Баршаңызды Астана күні және Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз! Елімізде әрдайым бірлік пен береке, бейбітшілік пен тұрақтылық салтанат құрып, қасиетті домбырамыздың күмбірі әр шаңырақта мәңгілік жаңғыра берсін!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.