Отбасы күніне орай Жамбыл облысы бойынша №67 мекемесі көпбалалы отбасыларға құрмет көрсетіп, отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған іс-шара ұйымдастырды.
Мекеме қызметкерлері режим және күзет бөлімінің бақылаушысы, әділет кіші сержанты Жұмабек Дастан Динарұлының жұбайы мен 7 баласын арнайы құттықтап, отбасы шаңырағына ізгі тілектерін жеткізді.
Кездесу барысында көпбалалы отбасының қоғамдағы орны мен тәрбиелік маңызы ерекше атап өтілді. Өз балаларына дұрыс тәрбие беріп, оларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, сыйластық пен отансүйгіштікке баулып отырған бұл отбасы — өзгелерге үлгі боларлық өнегелі жанұя екені айтылды.
Сондай-ақ, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, отбасыдағы бірлік пен татулықтың маңызы сөз болып, жас ұрпақтың саналы әрі тәрбиелі болып өсуіне қосып отырған үлестері үшін алғыс білдірілді. Мерекелік кездесу соңында отбасы мүшелеріне зор денсаулық, амандық, шаңырақтарына бақ-береке мен мол бақыт тілінді.