Таразда Ілия Жақановтың мерейтойына арналған ғұмырнамалық кеш өтті - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда Ілия Жақановтың мерейтойына арналған ғұмырнамалық кеш өтті

29

Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті композитор, жазушы, өнер зерттеушісі Ілия Жақановтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Тербеледі тың дала» атты ғұмырнамалық кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты – Ілия Жақановтың шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақ өнері мен әдебиетіне қосқан өлшеусіз еңбегін жас ұрпаққа таныту, ұлттық руханиятты дәріптеу және ән өнерінің құндылығын кеңінен ұғындыру.
Кеш барысында Ілия Жақанұлының өнегелі өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен насихатталып, халық жүрегінен орын алған «Жайлаукөл кештері», «Еділ мен Жайық», «Теміртау түні», «Толағай» сынды әндері шырқалды. Сондай-ақ, қаламгердің өмірі мен өнеріне арналған бейнебаян көрерменге жол тартты.
Шараға зиялы қауым өкілдері қатысып, мерейтой иесіне жүрекжарды лебіздерін білдіріп, қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қосқан өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.
Тағылымы мол рухани кеш — ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаға деген ел құрметінің жарқын көрінісі болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.