«Снайперы» фильмі көрсетілді - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

«Снайперы» фильмі көрсетілді

4

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде сотталған азаматтардың қатысуымен «Снайперы» атты көркем фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, патриоттық сезімін арттыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру болып табылады.
Фильм барысында ерлік, батылдық, Отан алдындағы жауапкершілік секілді құндылықтар кеңінен насихатталды. Көрсетілімнен кейін мекеме қызметкерлері сотталғандармен пікір алмасып, фильмнің тәрбиелік мәні туралы әңгіме жүргізді.
Мекемеде сотталған азаматтарды тәрбиелеу, олардың мәдени-рухани дамуына ықпал ету бағытындағы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.