Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде сотталған азаматтар үшін тәрбиелік мәні зор мәдени іс-шара ұйымдастырылып, «Сказ о матери» көркем фильмі көрсетілді.
Аталған кинотуынды ананың мейірімі мен шексіз махаббатын, адам өміріндегі отбасы құндылықтарының маңыздылығын тереңінен суреттейді. Фильм желісі көрермендерді адамгершілік, кешірім, ізгілік сынды асыл қасиеттерге үндеп, әрбір жанға ой салары сөзсіз.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың рухани-адамгершілік көзқарасын қалыптастыру, олардың бойында отбасына, ата-анаға деген құрмет сезімін арттыру болып табылады. Кино көрсетілім барысында қатысушылар фильм мазмұнына ерекше ықылас танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, осындай мәдени-тәрбиелік бағыттағы шаралар сотталғандардың түзелуіне оң ықпал етіп, олардың қоғамға қайта бейімделуіне септігін тигізеді.
Алдағы уақытта да мекемеде тәрбиелік мәні бар іс-шаралар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Келесі жаңалық