Талас және Сарысу әлеуметтік осал отбасыларды қолдау мәселелері талқыланды - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Талас және Сарысу әлеуметтік осал отбасыларды қолдау мәселелері талқыланды

16

Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес күн тәртібінде көпбалалы және әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, сондай-ақ ақылы қоғамдық жұмыстардың сапалы ұйымдастырылуы мен бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы мәселелері қаралды.

Аталған бағыттар бойынша Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов пен Талас ауданы әкімінің орынбасары Ринат Бекбосын баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді.

Бүгінде Сарысу ауданында тұрғын үй кезегінде 1462 адам тіркелсе, Талас ауданында бұл көрсеткіш 1248 адамды құрайды. Екі ауданда да тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында «Отбасы банк» арқылы тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, жиында ақылы қоғамдық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру қажеттігі атап өтіліп, бұл бағытта Мансап орталықтары арқылы жүйелі жұмыс жүргізу ұсынылды.

Отырыста ерекше назар мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жетім балаларды тұрғын үймен қамтуға бөлінді. Атап айтқанда, Сарысу ауданында бұл санат бойынша белгіленген 20 пайыздық квота небәрі 10-12 пайыз деңгейінде орындалып отырғаны айтылып, көрсеткішті арттыру қажеттігі көтерілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.