Алматыда бір азамат қымбат көлігін қаңтарып қойып, жол ортасында намаз оқып тұр. Ол туралы видео Instagram-дағы kris_p_almaty парақшасына жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
Бейнежазбаға қатысты Алматы қалалық ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов жауап берді. Бұл ретте ол намазхан жігіттің жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылар-тартылмасын айтпай, кез келген жерде ғибадат жасауға хақылы екенін құптайтынын аңғартқандай.
«Ғибадат – жақсы, бірақ бұл әркімнің жеке ісі және біздің дінімізде басқаларға қысым жасамау өте маңызды. Ол басқаларға кедергі келтірмеуі және қолайсыздық тудырмауы керек. Барлығына амандық пен жақсылық!» деп жазды Рустам Әбдірахманов.