Алматы облысы Қарасай ауданына Жасұлан Естенов әкім болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Президент Әкімшілігімен келісе отырып, Қарасай ауданы мәслихатының шешімімен Естенов Жасұлан Тоққожаұлы Қарасай ауданының әкімі болып тағайындалды. Тиісті өкімге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қол қойды», — деп хабарлады облыс әкімдігі. .
Жасұлан Тоққожаұлы 1971 жылы туған. Қазақ ауылшаруашылығы институтын ауылшаруашылығы өндірісінің ұйымдастырушы экономисі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында «Мадияр» шағын кәсіпорнында бухгалтер болып бастаған.
Әр жылдары Алматы қаласы Медеу, Алмалы аудандары бойынша салық комитеттерінде салық инспекторы, Алматы қаласы Алмалы аудандық қаржы бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша қаржы департаментінің бөлім басшысы, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі лауазымдарын атқарған.