A place where you need to follow for what happening in world cup

Алғаш рет Жамбыл облысында  өткізілген «Бейбітшілік пен келісім» жобасы өз тиімділігін көрсетуде

453

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен өткен жылы республика көлемінде алғаш рет Жамбыл облысында өткізілген «Бейбітшілік пен келісім» жобасы өз нәтижесін көрсетуде.  Аталған жоба аясында жұмыс топтары  бүгінгі күнге дейін  7 аудандағы 145 елді мекенде    кездесулер мен түрлі шаралар өткізіп,18 мың адамды қамтыды.

Нәтижесінде 1070 азаматтың мәселесін шешуге көмек беріліп, 445 азаматқа медициналық көмек көрсетілді. 55 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 170-ке жуық тұрғынның қайтарымсыз грант алу мәселесі шешілді. 347 адам тұрақты жұмысқа орналасып,  90 адам әлеуметтік жұмысқа, 129 адам қоғамдық жұмысқа, 245 жас жастар тәжірибесіне жолдама алды.

Мемлекеттік және құқық қорғау органдары, сарапшылар, қоғамдық ұйымдар, діни және бизнес өкілдерінен тұратын 3 топтың мүшелері 145 елдімекен тұрғындарымен кездесу барысында 1070 азаматтың мәселесін шешуге жәрдемдессе, 445 азаматқа медициналық көмек көрсетіліп,сала өкілдері тарапынан тұрғындарды толғандыратын 790-ға жуық мәселе қаралып,тиісті жауаптар берілді.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, білім беру, медициналық қызметтер сапасын жақсарту, діни білім деңгейін арттыру және т.б. әлеуметтік мәселелер қарастырылып, жол картасы жасақталды.

2020 жылы І-ІІ кезеңде өткізілген жоба барысында 175 мәселе жол картасына еніп, оның 139 мәселесі толығымен орындалды. Қалған 36 мәселе(әлеуметтік нысандар мен денсаулық сақтау құрылғыларымен қамтамасыз ету)биылғы жылдың соңына дейін орындалу үстінде.

Карантин талаптарын сақтай отырып, жүзеге асырылған жоба кезінде 221 мәселе жол картасына енгізілді. Жоба жұмыстарының қорытындысы бойынша бүгін өңір басшысы — Б.Сапарбаев жиын өткізіп, тиісті сала басшылары мен қала және аудан әкімдеріне тапсырмалар берді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.