A place where you need to follow for what happening in world cup

Айтқазы Қарабалаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

279

Тараз қаласының әкімдігінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Осыған байланысты қала әкімі Айтқазы Қарабалаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Аталған іс-шара бойынша қала әкімінің қабылдауына 87 азамат жазылып, өздері көтерген көкейкесті мәселелері бойынша толық мағлұмат алып, арыз-шағымдарда орын алған себептер бойынша арнайы комиссия құрылды. Көтерілген мәселелерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік билік органдарының қызметін жетілдіру шаралары қарастырылуда.
Қабылдауға жазылғандар сауалдарының негізгі бөлігін баспана, жер телімін бөлу, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындуа, жұмысқа орналасу мәселелері құрады. Қойылған сұрақтар барлығы бақылауға алынды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.