Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қолдауымен, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысымен әр айдың аптасында жастармен «Адалдық сағаттары» ұйымдастырылып келеді. Әлеуметтік желіде отыратын жастар үшін шара әлеуметтік желі парақшаларда офлайнмен қатар, онлайн форматта да өткізіліп отырды. Шара аясында жастар адалдық, шыншылдық, парасаттылық, жауаптылық тақырыптарында сөз қозғады. Адалдық сағаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жастар ортасының қалыптасуымен және жастардың ойын еркін әрі ашық жеткізу мүмкіндігімен ерекшеленеді.