A place where you need to follow for what happening in world cup

Ақтөбеде медициналық университет түлектері резидентураға түсу үшін тапсыратын емтихан өзгерістеріне шағымданды

53

Ақтөбедегі медициналық университеттің түлектері резидентураға түсу үшін тапсырған тест қорытындысымен мүлдем келіспейтіндерін айтып, бас көтерді. Сөздерінше, басшылық биылғы емтиханға ешкімге ескертпестен жаңа талаптар ойлап шығарыпты. Сәйкесінше мемлекеттік грантқа үміткерлердің тест қорытындысына енді еңбек өтілі үшін қосымша балл қосылатын болған. Осылайша интерн-түлектер тегін білім алудан қағыламыз деп алаңдап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Медициналық университеттің жеті жылын биыл аяқтап, резидентураға түсу үшін тест тапсырған студенттер жаңа талапты естігенде төбелерінен жай түскендей болыпты. Айтуларынша, өздерімен бірге сынаққа түскен дәрігерлердің тест қорытындысына жаңа талап бойынша жұмыс істеген әр жылы үшін жеті баллдан қосып есептелген.

“Жеті балл деген сұмдық. Жалпы баллға әр жыл өтілін қосқан. Бізбен олардың қатты айырмашылығы жоқ. Біз үшін жұмыс істеген жоқ. Енді бізбен саудаласып жатыр. Былай айтқанда, келіп біздің нанымызды алып кетіп тұр”, – дейді талапкер батырхан Мұқтаров.

“Жұмыс өтілі бар бізге дейінгі түлектерге әр жылына жеті баллдан қосып тұр. Еуропалық шкала бойынша 100-ден аспау керек. Ал біз тесттен жоғары нәтиже көрсетіп, қорытынды балымыз  91-ден, 92-ден жоғары болса да, мемлекеттік грантқа өтпей тұрмыз. Бұл тек Ақтөбе қаласында.Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы медициналық университетерде де ондай жоқ”, – деп қосты Әсем Уайысова.

Осылайша резидентураның мемлекеттік грантына ілекпей қаламыз ба деп қорыққан түлектер тест қорытындысын қайта қарауды талап етеді. Ал Ақтөбедегі медицина университетінің басшылығы биылғы сынақта интерндерден гөрі қазір жұмыс істеп жүрген дәрігерлерге басымдық бергендерін жасырмайды. Профессор-доценттер құрамындағы тапшылықты жою үшін тәжірбиесі бар мамандарға еңбек өтілінің әр жылына 7 баллдан қосуды жөн деп шешіпті. Сөздерінше, 2022 жылы резидентураға түсуге 500-ден астам адам құжат тапсырған.

“Мемлекеттік грант бойынша 7 жыл оқыған түлектеріміз интернатурадан кейін 3 жыл еңбек етуі керек. Квотамен оқығандар ауылда жұмыс істеуге міндетті. Бірақ ешқайсысының аудандық ауруханада жұмыс істегесі жоқ. Профессор-доценттер сондықтан емдеудің не екенін, науқаспен қалай жұмыс істеуді білетін дәрігерлердің резидентураға келгенін қалайды. Былтыр интернатурадан кейін резидентураға оқуға түскен 11 түлегіміз оқудан шығып кетті”, – деп мәлімдеді М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан  медициналық университеттің деканы Роза Нұрғалиева.

Университет басшылығы грант бөлу талаптарын өзгертуге талассыз құқықтары бар екенін айтады. Ал университетті тек биыл бітірген түлектер ең құрығанда аудандық ауруханаларға барып 2-3 жыл жұмыс істесін деп отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.