Гүлзира Айдарбекова АҚШ-та өткен ұлының концертінен айтарлықтай табыс тапағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Hit-TV арнасына сілтеме жасап.
Продюсердің сөзінше, әртіс атаулы ол жақта үлкен концерт қою үшін арнайы рұқсат қағазын алып, АҚШ-та кемі 7 жыл тұруы керек.
«Бізге мейрамханаларда кеш өткізуге рұқсат берді. Алайда Қайраттың фанаттары оны 10 қалада күткен еді», — деді Айдарбекова.
Осы ретте анасы Қайрат барған сапарында жарытып табыс таппағанын айтты.
Бұған дейін, Қайраттың АҚШ-тағы ән кешіне билеттердің 150 доллардан сатылғанын жазған едік. Тыңдармандар Димаш Құдайбергеннің ән кешіне
Айта кетейік, тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Америкаға барған Қайрат Чикаго, Нью-Йорк, Филадельфия штаттарында кеш өткізіп келген еді. Ал осы күндері Айқын Төлепберген АҚШ-та қазақ жастарының басын қосып, кеш өткізуге дайындалып жатыр.