АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен тәуелсіз Украина Ресей президенті Владимир Путиннен әлдеқайда ұзақ өмір сүретінін айтты. Бұл туралы ол CNN телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
— «Біріншіден, тәуелсіз Украина Владимир Путиннен әлдеқайда ұзақ өмір сүреді. Қалай болғанда да, Украина болады, бірақ Путин ол сәтті көрмейді», — деді Блинкен.
АҚШ мүмкіндігінше қаза мен жойылудың алдын алуға тырысады, деді ол.
— «Нақты мәселе — бұл арада Ресей агрессиясы қанша апат пен қирауға әкеліп соқтыруда. Біз Ресей жүргізіп жатқан соғысты шектеп, тоқтату үшін көп жұмыс істеп жатырмыз», — деді ол.