A place where you need to follow for what happening in world cup

Ақ халатты абзал жандар алғысқа бөленді

229

Бес жылдан бері елімізде көктемнің алғашқы күнінде «Алғыс айту» күні атап өтіледі. Осынау мерекенің қарсаңында ел тұрғындары бір-біріне шынайы ризашылығын білдіріп, бірін-бірі мерекемен құттықтауға асығады.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/1 (тергеу изоляторы) мекемесіндегі айыпталушылар да бұл күні адал еңбегінің арқасында ел алғысына бөленген мекеменің дәрігерлеріне алғыс айтты. Мекемедегі айыпталушы М есімді азамат мекеменің медицина бөлімінің қызметкерлерін өте мейірімді, жүрегі жұмсақ, ізгі ниетті және өте сауатты, білімді дәрігерлер деп санайды. Ол өзінің жүрекжарды хатында қандай кеңес сұрасаң да, сауалыңа жауабы дайын, шағымды мұқият тыңдап, дәрігерлік ақыл-кеңесін беріп, қандай дәрі-дәрмек қабылдау керек екенін айтатын әрі сырқаттан жазылудың жолдарын көрсететін ақ жеңді абзал жандарға өз ризашлығын білдірген.

Айыпталушы азамат мекеменің дәрігерлерімен адам ретінде де, өзіңнің жақының сияқты да, жай қарапайым адам ретінде де тілдесіп, шүйіркелесудің өзі бір ғанибет екенін жеткізген. Ол алты ай бойғы айыпталу мерзімінде мекеменің медицина бөлімінің қызметкерлерінің адамгершілігіне, қарапайымдылығына, мейірімділігіне, жанының жылуына сондай-ақ дәрігерлік көмекке мұқтаж әрбір жанға қол ұшын созатындығына куә болған.

Айгерім Ерубаева,
ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты бөлімшесінің бастығы, әділет аға лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.