A place where you need to follow for what happening in world cup

Тараздың саяжайларына инфрақұрылым жүргізіледі

216

Облыс орталығында өткен жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында жоғары тұрған бюджеттерден 9 млрд. 996,5 млн. теңге қарастырылған. Бұл туралы қала әкімі Айтқазы Қарабалаев өзінің қорытынды есеп беру жиынында мәлімдеді.

– Бұл қаражатқа «Барысхан» алқабын электрмен қамтамасыз ету жобасы, «Арай-2» шағын ауданының жолдары мен тротуарлары, сыртқы жарықтандыру, арық желілерінің құрылысы, тұрғын үй алаңшаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, және 4-ші Тараз энерго орталығынан басталатын М-2 және М-4 жылу магистралдарының қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталды. Ал, өткен жылдан өтпелі «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқабының жолдарына қиыршық тас төсеу, Ы.Дүкенұлы көшесіндегі екі су жүйесінің және  Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тартқыштың, «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабының Молдарбеков және Центральная көшелерінің су жүйесінің құрылыстары ағымдағы жылы аяқталатын болады, тиісті қаражат бөлінді, – деді қала әкімі баяндамасында.

Бұдан бөлек, өз сөзінде А. Қарабалаев бүгінгі таңда қала тұрғындарынан келіп түсетін өтініштердің басым бөлігі қаладағы саяжайлар мен тұрғын алқаптарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері болып отырғанын айтты. Бұл мақсатта, 2019 жылы «Шалғай Қарасу» тұрғын алқаптарын, «Тектұрмас», «Қарасай», «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл-Абад», «Шаңырақ», «Казарма», «Жиделі» алқаптары, «Құмшағал» станциясы және осы алқаптарға жапсарлас орналасқан 28 саяжайды электрмен, газбен және сумен қамтамасыз ету бойынша сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыруға 2020-2021 жылдарға ұсынылмақ. Сондай-ақ, ағымдағы жылы  «Родничок», «Ақжол», «Қайнар» және «Мичуринец» алқаптарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2020-2022 жылдары құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылмақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.