«Nur Otan» партиясы атынан кандидаттар Е. Дүйсенқұл, А. Қалқабаевалар аудандық сайлауалды штабының мүшелерімен бірге «Меркі ет» комбинатының ұжымымен кездесті.
Кездесуде кандидаттар әлемдік пандемияның кәсіпкерлік, жұмыспен қамту салаларына әсері турасында сөз қозғады. Сондай-ақ жергілікті жерде жағдайды тұрақтандыру үшін «Nur Otan» партиясының ықпалымен жүзеге асырылатын бастамалар жайында да мәліметтер берілді.
– Облыста жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты жыл сайын білікті жұмыс күшіне сұраныс артып келеді. Өнеркәсіп саласын дамытуда отандық өндірушілерді қолдауға, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өнім шығаратын жаңа өндірістерді ашуға баса назар аударылатын болады. Бұл 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарды құруға мүмкіндік береді.
«Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтарға ИИДМБ бойынша 19 инвестициялық жобаны іске асырумен өңдеу өнеркәсібін дамыта отырып, 6 мың жаңа жұмыс орнын құруға ықпал еді. Аймақтағы бірегей өндірістік жоба «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының инженерлік инфрақұрылымын кезең-кезеңімен аяқтап, 8 өндіріс ошағын іске қосуға мұрындық болады. Бұл шаралар арқылы сары фосфор өндірісінің көлемін 110 мың тоннаға дейін, минералды тыңайтқыштарды 220 мың тоннаға дейін ұлғайып, портландцемент экспортын 1,3 мың тоннаға дейін, натрий цианидінің 6 мың тоннаға дейін өсуі есебінен өңірдің шикізаттық емес экспортын 1,2 есеге артады, — деді Е. Дүйсенқұл.
Негізінен экспортқа бағдарланған «Меркі ет» комбинаты 2016 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс жасап келеді. Кәсіпорын сиыр, қой және ет өнімдерін өндірумен айналысады. Сондай-ақ, компания өз өнімдерін Иран, Бахрейн, Оман, БАӘ, Ресейге экспорттайды.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.