A place where you need to follow for what happening in world cup

Үш тіл білу – заман талабы

299

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауы мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін, жаңа экономикалық дамытуды жан-жақты ашып көрсетті.
Қазір жаһандану дәуірінде интеграциялық процестер қарқынды даму үстінде. Сондықтан ұлттық білім саласы әлемдік білім кеңістігіне кірігусіз дербес дами алмайтынын бүгінгі қоғам дәлелдеп отыр. Жаңа ғасырдың шынайы кілті саналатын жаһандану білім саласына мықтап еніп, соның негізінде әлемдік экономиканың интеграциялануы, жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы кең қанат жайды.
Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің міндеті – білім алушылардың білімді үйреніп қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, интеллектуалды болуын қамтамасыз ету. «Әрбір ұстаз – білікті маман, ал әрбір білім алушы – ойшыл тұлға» деген қағиданы ұстана отырып, білім беру үрдісінде кез келген мұғалім білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың технологияларын, әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек.
Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Оған мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсіл арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі – білім беру мекемелерін оңтайландыру, екіншісі – оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, үшіншісі – білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.
Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері бірнеше тілді, әсіресе, халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан дамыған елдер қатарынан қалмау үшін бірнеше тіл меңгеруіміз қажет. Бұл – заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.
Білім беру жүйесі жаһанданған заманда үш тілді меңгертуге назар аударылып отыр. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Бүгінгі жас ағылшынша тіл сындырмай, Қазақстан жалпыұлттық прогреске жете алмайды. Қазіргі үш тілді дамытудың мәселесіне талас-пікірлер өте көп, бірақ әлемдік аренаға шығу үшін ағылшын тілін жетік меңгерген Мәңгілік елге айналуымыз керек.

 

Мадияр Сүгіров,
Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.