A place where you need to follow for what happening in world cup

Дені саудың – жаны сау

179

Жақында өткен аудандық мәслихаттың кезекті алпыс бесінші сессиясын депутат Т.Кәрібаева ашып, жүргізді. Сессияға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы А.Нәметқұлов, аудан әкімінің орынбасары С.Төлегенов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Жайдар Әйтішев баяндады.

Баяндамашы өз сөзінде аталған салаға байланысты жасалып жатқан жұмыстар мен аурухананың материалдық – техникалық базасы, кадр мәселесі туралы жан-жақты айтып берді. Ол өз сөзінде короновирус пандемиясының зардаптары, аталған індеттің екінші кезеңіне дайындық жұмыстары туралы айтуды да естен шығармады. Осындай қиын кезде көмек қолын созған азаматтардың аты-жөнін айтып, алғыс айтты.

Жарыссөзге шыққан депутат М.Мұқашев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қалыбаев, Қарабөгет ауылдық округінің әкімі Б.Сатыбалдиевтер ауданда медицина саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағаларын беріп, өздерінің ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Сессияда аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы А.Нәметқұлов қорытынды сөз сөйлеп, пандемияға байланысты карантин алынғанымен шектеулер әлі алынбағанын тағы бір еске салды. Сондықтан да әлі де болса сақтық шараларын қатаң сақтау керек екендігін баса айтты.

Сессияда қаралған мәселе бойынша шешім қабылданды.

Сессияда аудандық мәслихаттың кезекті XXXXXXVI сессиясының төрағасы болып депутат Қ.Туешиева сайланды.

 

Сүндетулла ӘБІЛОВ,

Мойынқұм ауданы.

Суретті түсіргенА.Әлтай.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.