A place where you need to follow for what happening in world cup

«Дін және қоғам»

165

Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Баспа немесе ғаламтор беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының белгісі. Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм  мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Жалпы діни экстермизмнің қай аймақта болмасын таралуына себеп болатын бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады. Ең алдымен бұл діни сауатсыздық. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып отыр. Бұл жерде Абайдың иманды «якини» және «тақлиди» деп бөліп қарастыруы өзекті болуда. Мұның алғашқысы танымнан, ақыл дәлелінен туындайтын шын иман. Екіншісі «өзі ештемені білмей, еш нәрсе туралы ойламай, дін иелерінің сөзіне еріп, «ел қалай көшсе, мен де солай көштім» деген надандықтан шыққан соқыр сезім, үстірт наным» – бұл қазіргі қоғамға тән, діни сауатсыздықтың көрінісі, діни радикалданудың себебі болып отыр. Осы сынды себептер қазіргі қоғамда дұрыс емес бағыттардың пайда болуына алып келіп отыр.

 Осы дін түсінігінде пайда болып жатқан мәселелерді ең басты шешу жолдарының бірі ол теологтар мен дін саласындағы өзге де мамандардын біліктілігін арттыру болып табылады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында теологтар мен дін саласындағы мамандардың біліктілігін  арттыру курстары болып өтті. Оқыту курстарынан Республикамыздан 190 дін саласындағы мамандар қатысып, өз білімдерін шыңдады. Оқу курсы аяқталған соң, мамандарға куәлік берілді.

Жоба қорытындысы  бойынша курс барысында дәріс алған қатысушылар өз біліктіліктерін шыңдау арқасында, дәріс берушілерден алған оқу әдістемелік құралдарымен қолдану арқылы алдағы уақытта жұмыстарын жоғары деңгейде сапалы атқаратын болады.

Д.Әбдіғаппар6

«Жаңа-Ру» жастар коалициясы қауымдастығының  президенті 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.