Күні кеше аудан әкімі Рүстем Дәулет аудандық орталық аурухананың коронавирус індетінің ықтималдығы жоғары екінші толқынына дайындығын тексерді. Аудан басшысының орталық аурухананың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу деңгейі турасындағы сұрағына АОА бас дәрігері Зәуреш Қадырбекова жауап беріп, қазіргі таңда аурухана базасында жұқпаны емдеуге қажетті дәрілік заттардың екі айлық қоры бар екенін жеткізді. Осы тұста Рүстем Дәулет дәрі-дәрмек сақталатын қойманы көріп, дәрігерлердің індеттің ықтимал екінші толқынына дайын болуы керектігін ескертті.
-Ең бастысы дәрілік заттардың жетіспеушілігін болдырмау қажет. Адам өмірі мен денсаулығына келгенде кемшілікке жол берілмеуі тиіс, — деді Рүстем Дәулет.
Емделушіге сапалы медициналық қызмет көрсету үшін дәрігердің білімі және ұстамдылығымен қатар қажетті дәрі-дәрмектің болуы да өте маңызды.
Осыдан кейін аудан әкімі 120 орынға арналған арнайы дайындалған бөлімшені көрді. Бөлімшеде реанимациялық блокқа бес орын бөлініп, пульсоксиметрлер мен концентраторлар саны жеткілікті және пациенттерге көмек көрсету үшін дәрілік заттардың қажетті қоры бар екені баяндалды. Сондай-ақ, ауруханада медициналық персоналға арналған қорғаныс құралдары жеткілікті. Айта кетерлігі, аталмыш бөлімшеде қызмет атқаратын арнайы мобильдік бригада дайындалған. Қажеттілік болған жағдайда мұнда 42 дәрігер, 84 орта медицина персоналы, 84 кіші медицина персоналы жұмыс істейтін болады. Сонымен бірге аурухана мобильдік бригада санын ұлғайтуға және төсек санын қосымша 60-қа дейін арттыруға дайын.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық