Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жаңа күнде, жаңа бастамамен, жаңа мақсатпен, жаңа жобалармен, жаңа жоспарларға бағыт бағдар болған жолдауы өз ерекшелігімен айқын көрініс тапты. Еліміздегі әр салаға жеке-жеке тоқталып тапсырмаларын беріп, жұмыс қарқынын одан әрі жақсы деңгейге жеткізіп, Үкіметтің жаңа моделін құрды.
Мемлекет басшысының еріктілер, спортшылар, кәсіпкерлер, медицина мен құқық салаласының мамандарына ерекше алғысын білдірді. Олардың еліміздің мүддесі үшін жұмыс жасап жатқандығын айқын атап көрсетті. Бұл біздің яғни еріктілер еңбегінің бос кетпегендігінің көрінісі екендігі анық және алдағы уақытта еріктілердің атқаратын жұмыстарына ерік пен жігер беретіндігі сөзсіз.
Мемлекет басшысы осы орайда еліміздегі өзекті мәселелерге тоқтала кетті. Назарымызды аударған басты мәселелердің бірі — еліміздегі болып жатқан төтенше жағдайдың салдарынан толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар онлайн білім платформасының жоқтығын дөп басып өтті. Білімді ұрпақ-ел болашағы. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, толыққанды білімді ала алмаса онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ.
Еліміздің тағы бір үлкен қиындықтарының бірі — қазіргі таңда мемлекеттің дамуы үшін білікті мамандардың жетіспейтіндігі мәлім және де жұмысқа тек уақыт өткізуге келетін қызметкерлер де баршылық. Қазіргі дамыған кезеңде, жаһандық дамып жатқан заманда қай салада болмасын бәсекеге қабілетті нақты жұмыс жасайтын мамандар қажет. Бұл мемлекетіміздің әр саласының дамуына үлкен септігін тигізетіндігі анық.
Жолдауда нақты жүзеге асыру керек негізгі мәселер мен міндеттің әрқайсысы жастарға да тікелей байланысты. Жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ! Сондықтан біз, жастар өз мамандықтарымыз бойынша талмай еңбек етіп, қажыр мен қайратымызды, білімімізді жарқын іске, жақсы бастамаларға арнайтын боламыз. Бұған біздің күш-жігеріміз жетеді.
Мансур Шамуратов,
Тараз қалалық «Жастар ресутрстық орталығының»
ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы