A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды

254

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері облыстық «Қан орталығына» арнайы барып, қан тапсырды. Мекеме қызметкерлері тәртіпке сай кезек күтіп, тиісті тексерістен өтті. Өйткені, донор болуға ниет білдірген азаматтарға қойылатын талап сондай. Тексерістен өткен соң, олар дәрігердің рұқсатын алып, қайырымдылық шараға қатысып, донор атанды.

Мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиевтің және оның орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұловтың бастамасымен қолға алынған игі шараға 6 қызметкер қатысты. Бұл істі игі дәстүрге айналдырған тәртіп сақшылары осылайша талай адамның өміріне араша түсіп отыр.
«Қан тапсыру арқылы айтып-айтпай келген сырқаттар мен жол апаты салдарынан жапа шеккен мыңдаған тұрғынды аман алып қалуға болады. Біз бұл әрекетімізді жасалуға тиіс іс деп білеміз, яғни азаматтық борышымыз» –дейді Ерлан Оразгелдиев.

«Донор» сөзі латын тілінен аударғанда «тарту, сыйлау» деген мағынаны білдіреді. Донорлық – әрбір азамат үшін салауатты өмір сүру салтының, мейірімділік, қайырымдылық танытудың белгісі. Ең бастысы, донор атанған ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері қанға мұқтаж науқастарға екінші өмір сыйлап, рухани байи түсті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.