A place where you need to follow for what happening in world cup

Телеграм-ботта ХҚО-ға кезек брондау мүмкіндігі пайда болды

141

Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін ХҚО-ға кезекті брондау әдістерінің түрі көбейтілді. Енді қызмет алушылар ХҚО-ға кезекті тек egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығы арқылы ғана емес, сондай-ақ eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен де брондай алады.

Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильді азаматтар базасына egov.kz электронды үкімет порталындағы виртуалды ассистенттің көмегімен тіркелуге болады.

Сонымен, ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады.

Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms келеді. ХҚО-ға келген кезде осы sms-хабарламаны көрсету арқылы кезекті алдын ала брондағаныңызды растайсыз.

Айта кетейік, қазіргі таңда eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы 28 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді. Олардың ішінде кең қолданысқа ие болғандары дәрігерді үйге шақыру, айыппұлдарды тексеру, медициналық мекемелерден алынған анықтамалар, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар және т. б.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясы жағдайында және азаматтардың бір жерге шоғырлануын болдырмау мақсатында ХҚО-лар  egov.kz порталында қолжетімсіз қағаз түріндегі мемлекеттік қызметтерді тек алдын ала брондау бойынша көрсетеді.

Egov.kz порталында онлайн брондау қызметі ХҚО-лар өз қызметін қайта бастаған өңірлер үшін ғана жарамды.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» МК ҚЕ АҚ

Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.