A place where you need to follow for what happening in world cup

Түйткілді тақырып тарқатылды

191

Таяуда облыс әкімдігі дін істер басқармасының теолог маманы Б.М.Тілеухан және «Асым-Ата» мешітінің имамы Х.К.Ахметов өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен кездесу өткізді.
Скайп желісі арқылы өткен онлайн кездесу барысында «Асым-Ата» мешітінің имамы Х.К.Ахметов өмірде жаза басып, қателікке ұрынбайтын жанның жоқтығын тілге тиек етіп, олардың ең жақсысы жасаған қателігін түсініп, сабақ алу екенін шариғат аясында түсіндіріп берді. Сондай-ақ, еліміздің тыныштықта, халқымыздың береке-бірлікте ғұмыр кешіп, асыл дініміз исламның өркендеп-дамуында айрықша маңызға ие тәуелсіздіктің қадір-қасиеті жайында сөз қозғады.

Қолда бар бақытты бағалап, қадірлеу әрбір азаматтың Отан алдындағы перзенттік борышы. Ол үшін әр адам өз кәсібі мен еңбек жолында аянбай тер төгуі керек-ақ. Ел алдындағы ер азаматтардың атқарар міндеттері мен жауапкершіліктерінің дәл осындай жоғары боларына тоқталған облыс әкімдігі дін істер басқармасының теолог маманы Б.М.Тілеухан жазасын өтеушілерді сенімге селкеу түсірер жат ағымдардан іргені аулақ салуға шақырды.

Айта кетейік, бұл кездесуде мешіт имамы жазасын өтеуші бірнеше азаматтармен жеке-жеке сөйлесіп, сұхбаттасты. Оларға діни басқарманың бағыт-бағдарын түсіндіріп, діни таным-түйсігіне қозғау салар кеңесін берді. Сотталғандармен өткен жүздесу соңында жазасын өтеушліре мән-маңызы зор жиынға ұйытқы болған түзеу мекемесінің басшылығы өз тараптарынан ерекше ықылас-ниеттерін білдіріп, алғыс айтты.

Мадияр МАХАНОВ,
ЖД-158/5 мекемесі САТАПЖБ бастығы әділет майоры

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.