A place where you need to follow for what happening in world cup

Мойынқұм ауданы мәслихатының хатшысы Ш.Исабековтың аудан халқына үндеуі

208

Құрметті Мойынқұм ауданының тұрғындары! Жер жаһанға жайылған жұқпалы дертке байланысты елімізде төтенше жағдай енгізіліп отыр. Әлемді әбігерге салған індет пен оның салдары күннен-күнге ушығып барады. Бұл індет әр-бірімізге де оңай тимей отырғаны белгілі. Алайда мемлекет үшін, кез-келген Қазақстан азаматы үшін Қазақстандағы әр-бір азаматтың өмірі өте маңызды екені белгілі. Сондықтан бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар деп есептеймін. Індеттің кері әсері мейлінше аз болуы тұрғындардың өзіне байланысты. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жариялап отырған үндеулері соған дәлел. Құрметті аудан тұрғындары, әр-біріміз жауапкершілікті толық мойнымызға алып, жағдайды басты назарда ұстап, карантиннің сақтық шараларына толық бағынуларыңызды сұраймын.Сонда ғана індетті біріге жеңетінімізге сенімдімін!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.