A place where you need to follow for what happening in world cup

Тың жобалар қолдау табады

219

Үстіміздегі аптаның сәрсенбісінде аудан әкімі Н.С.Календеров Қорағаты, Ақтөбе ауылдық округтерінде болды.

Алдымен Қорағаты ауылдық округіне аялдаған аудан басшысы карантин режиміне сәйкес ауыл тұрғындарын түгел жинауға болмайтындығын ескеріп, өңірдің жағдайын өз жағдайындай білетін алдыңғы буын ағалармен жүздесті. Олардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, шешілу жолдарын талқылады. Мәселен, Жиенбет ауылына жаңа мектеп қажет екендігі айтылды. Нұржан Сәбитұлы бұл мәселені алдағы уақыттағы жоспарға енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ, тұрғындар тәулігіне 2 тонна сүтті  Меркі ауданына өткізетіндігі белгілі болды. «Сүт өңдейтін кәсіпорын болса, ауылда аз сиыр сауылмайды» -дейді тұрғындар. Әкім осы шаруаға құлшыныс танытқан тұрғындар болса қолдауға дайын екендігін жеткізді. Бұл мәселе әр ауылда айтылып келгенімен кәсіп ашуға ниетті адамдар әлі кезіккен жоқ. Сондықтан аудан басшысы ауданға пайдалы, тың жобалар болса қолдауға дайын екендігін білдірді.

Осыдан кейін Ақтөбе ауылдық округіне ат басын бұрған Н.Календеров мұнда да тұрғындармен тілдесіп, ауылдың жайымен танысты. Тұрғындардың ұсыныстарына ден қойып, өз пікірін білдіріп, кейбір мәселелер бірден шешілмеуі мүмкін екендігін жеткізді. Әр жұмыстың өзіндік тәртібі бар екендігін ескеріп, түсіністікпен қабылдауға шақырды. Десе де жоспарға алынған жұмыс міндетті түрде орындалатынын тілге тиек етті.

Аудан әкімінің өңір тынысымен танысу сапары  білім бөліміне қарасты Ә.Еспаев атындағы саз мектебінде жалғасты. Атап өтерлігі, осыған дейін шулықтар әнші, термеші Аяз Бетбаевтың есімін келешек ұрпаққа үлгі етейік деген ұсыныс білдіріп келген болатын. Осыған байланысты Нұржан Сәбитұлы саз мектебінің ішінен Аяз Бетбаев атындағы кабинет ашуды тапсырды.

Медет Атайбеков,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.