A place where you need to follow for what happening in world cup

Жаңа әкім тағайындалды

335

Жыл басынан бері облысымыздың кадрлық құрамында бірқатар ауыс-түйістер орын алған болатын. Енді, міне, облыс орталығынан шалғай орналасқан Шу ауданына да жаңа әкім тағайындалып отыр.

Осыған орай,  ауданға арнайы ат басын бұрған облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков алдымен аудан әкімі қызметіне үміткер кандидатты қолдау жөнінде аудандық мәслихат депутаттарының келісімін алып, әкімдіктің мәжіліс залында аудан активімен жиын өткізді. Бекболат Серікбекұлы өз сөзінде ауданды осыған дейін басқарып келген Жарылқасын Айтақовтың өз өтініші бойынша қызметінен босатылуына байланысты ҚР Президенті аппаратының және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Шу ауданының әкімі қызметіне Нұржан Календеровтың тағайындалғанын айтып, жиынға қатысушыларды оның еңбек жолымен таныстырды.

Облыс басшысының орынбасары Бекболат Серікбекұлы ауданға жаңадан тағайындалған Нұржан Сәбитұлының аудан әкімі ретінде жұмыс тәжірибесі мол екеніне, өңіріміздегі ең тұрғыны көп Қордай ауданы мен Жамбыл аудандарын және Тараз қаласын басқарғандығын тілге тиек етті. Сонымен бірге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, қыруар жұмыс атқарғанына тоқталып, оның аудан әкімі ретіндегі қызметіне сәттілік тіледі. Бұдан бөлек, алдағы уақытта ауданның өндіріс саласында қолға алынып жатқан жұмыстардың көп екенін және оны жүзеге асыруда аудан әкімінің үлесі зор болу керектігін ескертті.

Одан кейін Шу ауданының жаңа тағайындалған әкімі Н.Календеров сөз сөйлеп, өзіне білдірген зор жауапкершілік үшін облыс әкіміне және аудандық мәслихат депутаттарына алғысын жеткізіп, бүгінгі күнге дейін еңбек жолында жинаған тәжірибесін ауданның әлеуетін арттыруға жұмсайтынын жеткізді. Келесі кезекте сөз алған аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Қазақбай Байжұманұлы облысымызбен бірге Шу ауданы да күннен күнге көркейіп келе жатқанын, сонымен қатар жаңа басшының еңбек жолында жинаған мол тәжірибесімен жүз мыңнан аса тұрғыны бар Шу ауданын жаңа белеске жетелейтініне сенім білдірді.

Ерғали АСХАТҰЛЫ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.