A place where you need to follow for what happening in world cup

Өмір сүру деңгейі артып келеді

314

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың көптің көңілінде жүрген түйткілдерді дөп басқан, басым бағыттары халықтың қам-қарекетіне болысуды көздеген, жалпы халықтың әлеуметтік жағдайын тұрақтандыруға бағытталған, сан саланы қамтыған Жолдауының жарияланғанына да бірнеше айдың жүзі болды. Сондай-ақ, Жолдауда атап көрсетілген ауқымды шаралардың ақырындап жүзеге асып жатқаны да көңіл қуантады.

Мемлекет басшысының пікірінше, стратегиялық бағдарламаларды  сапалы жүзеге асырудың негізгі міндеті — халықтың өмір сүру деңгейін арттырғанда ғана орындалады.

Президент шағын және орта бизнес экономиканы әртараптандыру ісінде тірек күшіне айналу керек деп санайды. Сонымен қатар, индустриаландыру бағдарламасы өнеркәсіп өндірісі мен өңдеу секторындағы құлдырауды тоқтатып, жаңа өнімдерді шығаруға мүмкіндік ашқанымен, экономика саласында түпкілікті серпіліс болған жоқ деп есептейді.

«Еңбек өнімділігін кемінде 1,7 есеге арттыруға және өңделген қазақстандық өнімнің экспортын едәуір өсіруге басымдық берілуі тиіс. Үкімет дайын өнімнің экспортын 2022 жылы 1,5  есеге, 2025 жылы 2 есеге арттыруы қажет»-деп тапсырды Президент. Және  өңірлік деңгейде бәсекеге қабілетті технологиялық дамыған, ең кемінде 3-5 саланы қалыптастыру керек екенін баса айтты.

Қ.Тоқаев еліміздің бүкіл өңір-лерінде өнімді сөрелерге дейін жеткізудің тетіктерін дамытуды қамтамасыз етуді, сондай-ақ, эконо-миканың барлық салаларында ұлт-тық тауарларды жеткізу жүйесін қалыптастырып, оны  дамыту үшін кешенді қадамдар жасауды тапсырды.

Озық ойлы отыз елдің қатарынан көрінуді көздеген елдің негізгі басымдықтары мен қабылданған шешімдері өз дәрежесінде іске асса, айтылған межеге белгіленген уақыттан бұрын жетеріміз сөзсіз. Экономикалық өсімнің қарқыны мен сапасын арттырсақ, халықтың өмір сүру деңгейінің анағұрлым артуына мүмкіндік туады.

Арайлым ШОПАН,

Жамбыл облысы бойынша қазынашылық департаментінің Шу аудандық қазынашылық басқармасының қаржылық және шарттарды тіркеу тобының бас маман-бас қазынашысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.