A place where you need to follow for what happening in world cup

ӘМСҚ жайында біле жүріңіз!

297

1. ӘМСҚ деген не?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) – бұл аударымдар мен жарналарды жинауды, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және ақы төлеуді жүзеге асыратын, медициналық қызметтерді сатып алу шартымен көзделген көлемде және шарттарда медициналық көмек көрсететін коммерциялық емес ұйым.
2. Азаматтардың «сақтандырылғанын» қалай білуге болады?
Азаматтың медициналық сақтандыруы бар екенін білу үшін медициналық ұйымдар жұмыскерлерінің оның ЖСН-ін (жеке сәйкестендіру нөмірі) бірыңғай электрондық дерекқорға енгізілуі жеткілікті болмақ.
Егер аударымдар жүргізіліп жатса, онда өтініш беруші адам сақтандыру ұсынатын қызметтердің барлық түрін пайдалануға құқығы бар.
3. МӘСМ жүйесіне қатысушы қандай қызметтің түрлерін ала алады?
-амбулаториялық-емханалық көмек
-стационарлық көмек
-стационарды алмастыратын көмек
-жоғары технологиялық медициналық қызметтер.
Амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету болжамдалады.
4. Мемлекет ӘМСҚ-қа жарналарды кім үшін төлейді?
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) үш жасқа толмаған бала (балалар) тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
5) бала (балалар) туу немесе жаңа туған сәбиді (сәбилерді) асырап алуға байланысты, баласы (балалары) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыс алған адамдар;
6) мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
7) зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
8) сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар;
9) тергеу изоляторларында отырғандар;
10) жұмыс істемейтін оралмандар;
11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
12) мүгедектер;
13) орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар;
14) орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі жоғарғы білім беру, сондай-ақ, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын іштей оқып бітіргендер, оқуды бітіргеннен кейін күнтізбе бойынша үш айға дейін.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.