A place where you need to follow for what happening in world cup

«Сапсан» жедел қызметі қаскөйлермен күрес жүргізуде

168

Облыс аумағында республикалық Андасай, Жусандала және жергілікті 5 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар. Республикалық және Үмбет (Т.Рысқұлов, Байзақ, Меркі аудандары), Берікқара (Жуалы,Талас аудандары), Қордай–Жайсан (Қордау, Шу ауданы), Меркі (Меркі ауданы), Жуалы-Қарашат (Жуалы ауданы) ерекше қорғалатын аумақтарды «Сапсан» жедел қызмет коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қорғауға алған. Бұл мекемеде 21 қызметкер жұмыс ісейді. Олар барлық құрал-жабдықтармен және жол таңдамайтын 5 автокөлікпен қамтылған. Мекеменің негізгі мақсат-міндеттері осы аталған ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен қатар, облыс көлеміндегі орман қоры аумағында және еркін аймақтарда ормандар мен жабайы жануарлар дүниесін қорғау.
«Сапсан» жедел қызмет өкілдері рейдтік іс-шаралары өткен жылдың қараша айынан бастаған болатын. Қараша, желтоқсан айларында табиғат заңнамасын қорғау үшін 9 рейд жүргізіліп, 10 хаттама толтырылған болатын. Осы іс-шаралардың нәтижесінде 14 аңшы мылтығы тәркіленіп, олар жергілікті аудандардық полиция бөлімшелеріне тапсырылды. Тексеріс барысында бұл қарулардың барлығы ешжерде тіркелмегені, қаскөйлердің заңсыз алып жүргендігі анықталды.
Олардың ішінде «Қызыл кітапқа» енген, жойылып кету қаупі бар жануарларды аулаған азаматтар да бар. Топ инспекторлары осы кітапқа енген екі қарақұйрықты атқан азаматтарды құрықтады. Заң бұзғандардың ісі сотқа өтіп, олар 6254697 теңге айыппұл арқалады. Бұл айыппұл сот шешімімен өндірілді.
Бұдан бөлек, жабайы доңыз атқандар 808 мың теңге айыппұл салынса, 13 қырғауылды атып алғандар 227250 теңге айыппұл арқалады. Бүгінде бұл айыппұлдың барлығы өндірілген. Сонымен былтыр жылдың соңғы екі айында табиғат заңнамасын бұзғандарға барлығы 7095250 теңге айыппұл салынып, сот шешімімен өндірілген болатын.
Биыл мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметі жыл басынан бері 35 рейдке шығып, 60 әкімшілік хаттама толтырған. Рейд барысында 18 аңшы мылтығы тәркіленіп, аудандардағы полиция бөлімшелеріне тапсырылды. Табиғат заңнамасын бұзғандар тыйым салынған жануарлар мен құстарды атқандығы үшін айыппұл арқалап отыр. Атап айтсақ, Үмбет ерекше қорғалатын табиғи аумағынан «Қызыл кітапқа» енген Қарақұйрықты ұсталған азаматтарға 3,2 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар Бұлдырық құсын атқан азаматтар 709343 теңге айыппұл арқалады.
Өкінішке орай бүгінде аң мен құсқа зиянын тигізушілер қатары азаймай тұр. Оған дәлел топ өкілдерінің кезекті рейдтік іс-шарасында 22 қырғауыл (351395 теңге айыппұл), 6 қоян атып алған заң бұзушыларды (92785 теңге айыппұл) құрықтады. Бұдан бөлек, уылдырық шашу мерзімінде балық аулауға тыйым салынғанына қарамастан су айдындарына қармақ салғандарда белгілі болып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тарқата айтқанда рейдтік іс-шара барысында салынған тыйымға қарамай балық аулаған 42 адам (Байзақ,Талас, Жуалы, Мойынқұм, Шу және Меркі аудандары) құрықталып, 42 әкімшілік хаттама толтырылды. Оларға салынған айппұл көлемі 680610 теңгені құрады. Ал тағы 4 азамат уылдырық шашу мерзіміне қарамастан тыйым салынған құралдармен (шанышқы,айыр) ұсталып, олардан 222240 теңге сот шешімімен өндірілді. Бұдан өзге, 3 адам саңырауқұлақ жинау кезінде ұсталып, 80840 теңге айыппұл арқалады.
Жыл басынан бері табиғат заңнамасын бұзғандарға 5,318,413 мың теңге айыппұл салынып, сот шешімімен өндіріліп жатыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.