Бәрімізге белгілі, ауданымызда үш бірдей әлеуметтік нысандар — салтанат сарайы, спорт комплексі және екі мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек бірнеше жалпы білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, орындалған жұмыс нәтижелі болуы үшін аудан басшылығы жіті бақылауға алады.
Аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Жарылқасын Айтақов әр апта сайын жоғарыда аталған нысандардың жұмыс қарқынын бақылап қайтуда.
Атап өтерлігі, партияның аудандық филиалы жанынан қоғамдық бақылау құрылды. Осыған сай партияның аудандық филиалының бірінші орынбасары Найман Сұлтанбаевтың басшылығымен арнайы топ құрылды. Жақында ғана аталған қоғамдық бақылау тобы мемлекеттік маңызы бар нысандардың жұмыс барысымен танысып қайтқан болатын. Қуантарлығы, құрылысшылар коронавирус пандемиясына байланысты карантиндік талаптарды бұлжытпай сақтауда. Жалпы, барлық жерде жұмыс қызу жүріп жатыр. Мердігерлердің өкілдері құрылыс материалдары жеткілікті және қаржы төңірегінде тапшылық жоқ екендігін, сондықтанда жүктелген тапсырмаларды абыроймен атқаруға дайын екендіктерін жеткізді. Кейбір нысандар белгіленген межеден артта қалып отыр. Мердігерлер қосымша келісімнің негізінде тапсыру күнін кішкене ұзартты.
Алдағы уақытта да тиісті бақылау жалғасын табады.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Келесі жаңалық