A place where you need to follow for what happening in world cup

Баянды бағдарлама аясында спорт кешені бой көтеруде

182

Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы елімізде біршама баянды бастамалардың жүзеге асуына үлкен септігін тигізді. Мазмұнды бағдарлама аясындағы жұмыстар Тараз қаласында да жүргізілуде.

Мәселен, биыл «Рухани жаңғыру» аясында облыс орталығында «Қаратау» (2) шағынауданындағы  №1, 2, 3, 4, 5 үйлерінің ауласында жалпы жер көлемі 1300 шаршы метр құрайтын кешенді балалар ойын және спорттық алаңшасының құрылысы жүргізілуде. Аталмыш жұмыстар «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ демеушілік қаражаты есебінен «Менің елім» бағдарламасы бойынша басталды.

Жобаның іске асырылуын «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры қамтамасыз етуде. Жоба бойынша аталған аумақта жасанды төсеніші бар, қоршалған кіші футбол алаңшасы, тартан төсеніші бар көше тренажерлары және тартан төсеніші бар балалар ойын алаңшасы бой көтереді.

Жалпы, «Қаратау» (2) шағынауданында 11 800 адам тұрады. Оның ішінде жоғарыда аталған 5 тұрғынүйде 1 500 тұрғын бар. Аталған шағынауданда 1 592 оқушыға 1 жалпы білім беретін №38 мектеп және 412 студент қамтылған «Тараз-Ғасыр» колледжі орналасқан.

Аталған спорт нысандары Тараз қаласы тұрғындары, жастар мен жасөспірімдер   арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға жол ашуды мақсат етіп отыр. Жауапты тұлғалардың айтуы бойынша, нысандардың құрылысы аяқталғаннан кейін ауланың және жалпы мөлтек ауданның тұрғындары үшін тегін негізде қолжетімді болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.